22.09.2023, 16:33
Жаңалықтар
Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді
Мемлекет басшысы іссапармен Германияға барады
Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды