Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 2 адам ауруынан айықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 271 адам COVID-19 вирусын жұқтырған

Қазақстанда COVID-19 вирусынан емделіп шыққандар саны 20 адамға жетті. Соңғы екі пациент Алматыдағы ауруханадан шыққан.

Екеудің бірі Франкфурт – Нұр-Сұлтан – Алматы рейсімен ұшып келген әйел. Екінші науқас Мәскеуден ұшып келіпті. Екеуі де 10 күннен астам үздіксіз ем қабылдап, бүгін үйлеріне жіберілді. Енді алдағы 14 тәулік олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Елімізде барлығы 20 адам ауруынан айықса, олардың 13-і Нұр-Сұлтан, жетеуі Алматы тұрғындары. Ал, вирус жұқтырғандар саны 271 адамды құрап отыр. Коронавирустан бір адам қайтыс болды.