Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аяқталды

Автор: Мира Байбек

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі.

Сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысып, бірқатар мемлекеттердің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, трансұлттық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.