Олардың арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ
Отандастарымыз елге әскери ұшақпен жеткізілді. Шымкенттен шыққан С-295 әскери борты Тәжікстанға сол елдің 20 азаматын тегін апарған.
«Ұшудағы қауіпсіздік мақсатында оларды әскери дәрігерлердің тобы алып жүрді. Елімізге келген қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Барлық жолаушылар өздерін жақсы сезінеді. Ережеге сәйкес, елге оралғандардың барлығы медициналық тексеруден өтіп, карантинге алынады», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстан ӘӘК әскери-көлік авиациясының күшімен Сауд Арабиясынан – 33, Кувейт мемлекетінен – 2, Қырғызстаннан – 21 қазақстандық эвакуациялаған.