28.03.2020, 23:49
Жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы екі адам ауруынан айықты
Олардың екеуі де шетелден ауырып келген
Алматыда коронавирутан тағы екі адам жазылып шықты. Қауіпті індетті жеңгендер – 58 жастағы азамат пен 25 жастағы жігіт. Екеуіде вирусты шетелден жұқтырып келген.
«Екі ер адам бүгін жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. 1962 жылы туған азамат 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген болатын. 1995 жылы туған жігіт 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі таңда мегаполистен бес науқас сауығып шықты. Олардың арасында 12 жастағы бала да бар. Емі жоқ індеттен айыққандардың барлығы 14 күн медицина қызметкерлерінің бақылауында үй карантинінде болады.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты