Қазіргі уақытта ондағы шаруалар ауа райының қолайсыздығынан зардап шегіп отыр
Мемлекет басшысы Үкіметке солтүстік өңірлердегі фермерлер мен шаруа қожалықтарға көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды», - делінген хабарламада.