«30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденген»: Атырауда құрылыс иелері қамауға алынды
Үлескерлер құрылысқа 650 млн теңге салған

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдіктелуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған.
Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Өз кезегінде, облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.