Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

20 мың адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Фото ашық дереккөзден

Ливияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бұл туралы Associated Press ливиялық Қызыл Жарты Ай қоғамына сілтеме жасап хабарлады.

«Гуманитарлық ұйым тағы 20 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында екенін айтты. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салайық, дүйсенбіге қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Су тасқыны бүтін аудандарды шайып кеткен. Табиғат апатынан Дерна қаласы айрықша зардап шеккен. Биліктің мәліметінше, мұнда 6 мың адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.  

Аса қайғылы оқиғаға байланысты Ливия премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.