$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өтініш жасалған: «ҚазАвтоЖол» өз мердігерінің қаржы жымқыру дерегіне пікір білдірді

Сотқа дейінгі тергеу ұлттық компанияның бастамасымен жүргізіліп жатыр

Өтініш жасалған: «ҚазАвтоЖол» өз мердігерінің қаржы жымқыру дерегіне пікір білдірді
Фото: facebook.com/kazautozhol/photos

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ өз қызметкерлерінің үстінен іс қозғалғаны туралы Бас көлік прокуратурасының мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша былтыр өтініш жасалғанын мәлімдеді.

«Бас көлік прокуратурасының хабарламасына сәйкес келесіні мәлімдейміз: 2022 жылғы 23 ақпанда «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне «Асыл-Жас» ЖШС жосықсыз мердігер ұйымы мен басқа да тұлғаларға қатысты қаражатты жымқыру фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді. Тиісінше, сотқа дейінгі тергеу ұлттық компанияның бастамасымен жүргізіліп жатыр.

Ұлттық компания құқықбұзушылық фактілерін анықтау бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылатын жұмысқа ерекше көңіл бөледі», - делінген компания мәлімдемесінде.

Еске салсақ, Көкшетау көлік прокуратурасы Жақсы – Есіл – Бұзылық республикалық автожолына күрделі жөндеу жүргізу және жаңа көпір салу бойынша конкурс өткізбестен 2,3 млрд теңгеге заңсыз келісімшарт жасасу фактісін анықтаған болатын. Қазіргі кезде компания филиалының лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары