Алматы облысында коронавирусқа шалдыққан тағы 2 адам анықталды
28 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша Алматы облысында коронавирусқа шалдыққан екі адам анықталды, деп хабардайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 193 науқас», - деп жазылған хабарламада.