Жамбыл облысында электр қуатының тарифін негізсіз көтеруге жол берілген жоқ
Тұрғындар монополияға қарсы органға жүгінген
Жамбыл облысында прокурорлар монополист кәсіпорынның электр энергиясының тарифін көтеруге еш негіз болмағанын дәлелдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомстство мәліметінше, электр энергиясын жеткізушінің тарифті көтеру жөніндегі әрекеттері прокуратураның актісі бойынша заңсыз деп танылды.
«ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС – облыс тұрғындарына электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі. 2022 жылғы 30 мамырда серіктестік өз шығыстарына қосымша 1 млрд 841 млн теңгені қосу қажеттілігін алға тартып, тарифті көтеру талабымен монополияға қарсы органға тағы да жүгінген», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Монополияға қарсы орган серіктестіктің талабын қанағаттандырусыз қалдырып, осылайша тұтынушы үшін тарифтің өсуіне жол бермеді.
Алайда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты серіктестіктің талап қоюы бойынша реттеуші органның бас тартуын заңсыз деп таныды.
«2023 жылғы 5 қыркүйекте облыс прокуратурасының өтінішхаты бойынша облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жоғарыда көрсетілген сот актісінің күшін жойды. Жоғары тұрған сотпен прокурордың монополисте электр энергиясына тарифті көтеру үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы дәлелдері негізді деп танылды», - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.