Жыл басынан бері СҚО-да төрт адамға 800 мың теңгеден астам сыйақы берілді.
Елімізде жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеудің жаңа қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.
«Мәселен, қағидаға сәйкес біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер көзделген», - делінген агенттіктің СҚО департаментінің хабарламасында.
Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
«Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес», - дейді ведомство өкілдері.
Сыайқы айыпты адамға қатысты айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген соң ғана беріледі.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам төрт адам көтермеленді.