Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жетісу облысының прокурорлары мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердегі заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысынсыз жүзеге асырған.
Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) оқытушы ретінде еңбек қызметін жалған дипломы бар адам жүзеге асырған», - делінген ведомство хабарламасында.
Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385 бабы 3 бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сондай-ақ мекемелерден басқа да заңбұзушылықтар анықталды.
«Атап айтқанда, жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ). Барлық дерлік мекемелерде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды», - делінген хабарламада.
Барлық заңбұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.