$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су үшін электр энергиясымен төлем жасала ма: қазақ-қырғыз келісімі қандай

Қазақстан алдағы жылыту маусымында Қырғызстанға 1.5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді

Су үшін электр энергиясымен төлем жасала ма: қазақ-қырғыз келісімі қандай

Қырғыз-қазақ іскерлік кеңесінің отырысында Қырғызстан республикасындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Ербол Сарыпбеков алдағы жылыту маусымында елімізден көрші мемлекетке 1.5 млрд киловатт электр энергиясы жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy economist.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Сарыпбековтың айтуынша, 25 тамызда Астанада Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан энергетикалық ведомстволарының басшылары арасында үшжақты кездесу өтті.

«Астанадағы осы кездесудің хаттамасына сәйкес, тараптар Киров, Орто-Токой және Тоқтоғұл су қоймаларындағы суды сақтау аясында суға айырбастау үшін Қырғызстанға электр энергиясын жеткізуге келісті», - деді Ербол Сарыпбеков.

Ол электр энергиясын жеткізу су қоймаларында қосымша су жиналуы үшін жасалып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан биыл қыркүйек пен сәуір айы аралығында Қырғызстанға 1.5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді. Бұл - өте үлкен көлем. Салыстыру үшін айтайын, өткен жылы тек 500 млн киловатт туралы сөз болды», - деп қорытындылады сөзін ҚР Елшілігінің кеңесшісі.

Еске салайық, биыл Жамбыл облысында Қырғызстаннан су көлемі бес есеге қысқарды. Облыстың бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Талас өзені бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі – 32,48 млн текше метр (тамыз айындағы жағдай бойынша). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144,8 млн текше метрге аз.

Салдарынан, шаруалар шабындыққа су жетпей, тентіреп кеткенін айтты. Жамбыл және Алматы облыстарында мал азығы қымбаттап кетті.

Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН

Серіктес жаңалықтары