38 мемлекетте 337 интернет-педофил қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Веб-педофилдер туралы әлемдегі ең ірі тергеу жұмыстары туралы ресми мәліметтер жарияланды

bbc.com

Америкалық шенеуніктер балаларға зорлық-зомбылық көрсету ниетімен ашылған сайт иесі, Оңтүстік Корея азаматы 23 жастағы Чон Ву Сонға тоғыз түрлі айып тақты. Ол қазір түрмеде отыр, деп хабарлайды ВВС.

Ұлыбританияның Қылмысқа қарсы күрес ұлттық агенттігі Ұлыбритания, Ирландия, Америка, Оңтүстік Корея, Германия, Испания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Чехия мен Канадада веб-педофилдер ұсталғанын мәлімдеді. Арнайы операция нәтижесінде олардан 50 бала құтқарылған. Халықаралық операцияны АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Германия үш жыл бойы жүргізген. Басылымның хабарлауынша, бұл тергеу Англияда ұсталып, 25 жылға қамалған Мэтью Фалдер есімді педофил ісінен кейін жүргізіле бастаған. Нәтижесінде, 38 мемлекетте 337 веб-педофил ұсталған.

Тегтер: