Малиде содырлардың шабуылынан 64 адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Қаза тапқандардың арасында 49 бейбіт тұрғын бар

 

Малидің солтүстік-шығысында жиһадшы содырлардың екі бірдей шабуылынан кемінде 49 бейбіт тұрғын мен 15 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігі хабарлағандай, бұл туралы елдің уақытша үкіметінің ұлттық телеарнадағы мәлімдемесінде айтылды.

Тақырыпқа орай: Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік тобы 35 мың адамды өлтірген – БҰҰ

Билік өкілдерінің айтуынша, шабуылдардың бірі әскери қалашықта, екіншісі өзен жағасындағы кемеде жасалған.