06.09.2023, 00:43
Жаңалықтар
Ұлытаудағы Кеңгір өзенінің бойынан 250 келідей өлі балық табылды
Экологтар әзірге түпкілікті шешім айту мүмкін емес дейді
Фото ашық дереккөзден
Ұлытаудағы Кеңгір өзенінің бойынан 250 келідей өлі балық табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қырылған су жәндіктерінің ішінде сазан, мөңке және шортан бар. Экологтар әзірге түпкілікті шешім айту мүмкін емес дейді. Арнайы комиссия құрылып, өлген балық пен судан сынама алынған. Ал қырылған балық санитарлық талапқа сай мал қорымына көмілді.
«Балықтардан алған сынамаларды зерттеу керек. Аурулар болды ма, жоқ па? Қазір айтуға қиын. Нәтижелерін күтіп отырмыз. Бәрі белгілі болған соң нақты ақпарат бере аламыз», - дейді облыстық Экология департаментінің басшысы Дастан Тілеубеков.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды