Сомалиде үкімет әскері 40-тан астам содырдың көзін жойды

Автор: Мира Байбек

Арнайы операция Галмудуг штатында жүргізілді

Сомали орталығында үкімет әскері «Аш-Шабаб» радикалды тобының кем дегенде 43 содырының атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы елдің ақпарат министрлігі хабарлады.

«Арнайы операция Галмудуг штатының аумағында, екі елдімекенде жүргізіліп, содырлар жасырынған орын жойылды. Сондай-ақ лаңкестер пайдаланған үш көлік тәркіленді», - деп жазды елдің Garowe ақпараттық порталы министрлік хабарламасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, «Аш-Шабаб» 2004 жылы Сомалиде құрылған. Оның құрамында 10 мыңға жуық содыр бар, олар негізінен елдің орталық және оңтүстік бөліктерінде әрекет етеді.