Испанияда су тасқынынан 3 адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Тағы 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Испанияда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, ел астанасы Мадридте, Толедо қаласында, Кастилия-Ла-Манча, Каталония және Валенсия сияқты аймақтарда жауын әлі толастар емес

«Толедода тұрғындарды эвакуациялауға ұшақтар жұмылдырылды. Қоғамдық көлік жұмысында қиындықтар туындап жатқаны атап өтіледі», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі із-түзсіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр.