Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Айдарбек Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.
2005 жылы – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары;
2006 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы;
2006 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы;
2006-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі;
2008-2010 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі;
2010-2011 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары;
2011-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2019-2022 жылдары – Бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2022 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.