$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлік министрлігін қалпына келтіру өте тиімді және өзекті қадам – сарапшы

ИИДМ деңгейінде көлік саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен сұрақтарға тиісті көңіл бөлінбеді

Көлік министрлігін қалпына келтіру өте тиімді және өзекті қадам – сарапшы
Фото: facebook.com/yernares

Мемлекет басшысы елде жаңа Көлік министрлігін құруды тапсырды. Бүгін Президент жарлығымен аталған министрліктің басшысы ретінде Марат Қарабаев тағайындалды. Осы ретте Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Ернар Серік жаңа министрліктің құрылуы өте тиімді шешім болғанын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарапшының пікірінше, көлік-логистика секторы елдің шикізат экспортынан түсетін табысқа тәуелділігін азайтуға көмектесетін экономика салаларының бірі болып табылады деп ойлаймын. Алайда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  деңгейінде көлік саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен сұрақтарға тиісті көңіл бөлінбеді.

«Себебі бүгінгі таңда жалғыз ИИДМ елдің ЖІӨ-нің 30%-дан астамын (көлік, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) дамытуға жауапты. Салыстыру үшін ең ірі Сауда және интеграция министрлігі мен Энергетика министрлігі елдің жалпы ішкі өнімінің сәйкесінше 21% және 13% дамытуға жауапты. Сондықтан, жауапкершіліктің кең ауқымы Министрлікке тек бір салаға назар аударуға мүмкіндік бермей, көп жағдайда көлікке қатысты мәселелер шешілмей қалып немесе ұзақ уақытқа кейінге қалдырылып жатыр. Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Еуразиядағы маңызды көліктік-логистикалық хабқа айналу үшін жаңа сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге осы процестен барынша пайда алу үшін өзінің көлік және теміржол инфрақұрылымын дереу және бейімді түрде реформалауы қажет», - деп жазды сарапшы Ернар Серік.

Оның ойынша, Көлік министрлігін қалпына келтіру өте тиімді және өзекті қадам екеніне сенімдімін.

Серіктес жаңалықтары