Сауда және интеграция министрі лауазымына Арман Шаққалиев тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды

Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі лауазымына Арман Шаққалиев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрі қызметін атқарған Серік Жұманғарин Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалып, бұрынғы лауазымынан босатылған болатын.