Тың бастамалар елдегі реформалардың қарқынды жүзеге асып жатқанын көрсетеді – Қанафиянов

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол Жолдаудағы бірқатар маңызды мәселені айтты

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау сержанты Елдар Қанафиянов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында мазмұнды, мағыналы бастамалар көтерілетініне куә болып жүрміз. Бүгінгі Жолдауда да тың бастамалар мен тапсырмалар айтылды. Әсіресе қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен экологиялық мәселелерді ерекше атап өтуге болады. Соның бірі – су тапшылығы жайлы. Президент суды үнемдеп қолдануға шақырды. Суды шамадан тыс қолданатындарға тарифті көбейтуді ұсынды. Бұл – өте құптарлық бастама. Себебі су – тіршілік көзі. Табиғаттың негізі де осыдан басталады», - деді Елдар Қаанафиянов.

Оның айтуынша, әлеуметтік-экономикалық мәселелер де әдеттегідей басты назарда болды.

«Осыған дейін ауыл әкімдерін халық сайлады. Енді облыс әкімдері мен қала әкімдері сайланбақ. Осы сынды саяси бастамалар елімізде реформалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді», - дейді ол.

Елдар Қанафиянов биыл азаматтық қорғау саласына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ілкімді бастама жүзеге сәтті асырылғанын атап өтті.