Филиппинде тұрғын үй өртеніп, 15 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта болған

Филиппин астанасы Манилада тұрғын үй өртеніп, кем дегенде 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы жергілікті GMA News арнасы хабарлады.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып үлгерді.

Қайғылы оқиға 31 тамызда таңғы уақытта болған.

«Өрт сөндірушілер өртті толықтай сөндірді. Қазіргі кезде полицейлер қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның себебін анықтап жатыр», - делінген хабарламада.