Путин Пригожинді жерлеу рәсіміне қатыса ма – Песков жауап берді

«Вагнер» жасағының басшысы 27 тамызда ұшақ апатынан мерт болды

Путин Пригожинді жерлеу рәсіміне қатыса ма – Песков жауап берді
Фото: tvc.ru

«Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің жерлеу рәсімі туралы Кремльде ешқандай ақпарат жоқ, оған Ресей президенті Владимир Путиннің қатысу мәселесі «қарастырылмаған». Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Президенттің қатысу мәселесі қарастырылған жоқ, жерлеу рәсіміне қатысты бізде нақты ақпарат жоқ. Ол бойынша шешімді туыстары мен достары қабылдайды, оларсыз ештеңе айта алмаймыз», - деді Д. Песков.

Тақырыпқа орай: «Өрескел қателіктер жіберді»: Путин Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді

Еске салайық, 27 тамызда Тергеу комитеті Тверь облысында апатқа ұшыраған ұшақтан кейін молекулярлық-генетикалық сараптамаларды аяқтады. Елдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза тапқандардың барлығының жеке басы анықталды, олар жарияланған тізімге сәйкес келеді, оның ішінде Пригожин де бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.