Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды
ҚР Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.
«Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы – Ақмола облысы ПД бастығы», - делінген хабарламада.
Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.