29.08.2023, 13:58
Жаңалықтар
Күш құрылымдарына 2,6 трлн теңге бөлінеді - Қаржы министрі
2024 жылы бюджеттің жалпы шығыны 7,8 трлн теңге болмақ
Фото: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күш құрылымдарының шығыстары 2,6 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отыр»,- деді ол.
Оның ішінде ең бастылары мыналар болып табылады:
- Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру;
- мемлекеттік қорғаныс тапсырысы;
- азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілердің кейбір санаттары мен жоғары оқу орындары уоқытушыларының еңбекақысын арттыру;
- ішкі істер органдарын қосымша материалдық-техникалық жарақтандыру болып табылады.
«Жалпы алғанда мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық әртіпті қорғау және ішкі тұрақтылықты сақтау жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылатын болады. 2024 жылы бюджеттің жалпы мемлекеттік шығыстары 7,8 трлн теңгені құрайды»,- деді министр.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр