Қорғаныс министрлігінің сарбаздары Беларуське не үшін аттанды

Автор: Аманалина Тоғжан

Елден 11 адамнан тұратын топ жіберілген

Фото: el.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы күштердің 11 сарбазы Беларуське кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр БАҚ өкілінің «Белоруське техникалар жіберілген» деген ақпаратын жоққа шығарды.

«Интернет кеңістігінде тараған Қазақстан бронды техникаларды жіберді деген ақпарат жалған. Бүгінгі таңда барлық техника тұрақты орналастыру пунктерінде орналасқан. Нақты 11 адамнан тұратын топ жіберілді. Әрине, бұл органның жұмысы», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл шара алдын ала жоспарланған.

«Бұл жерде Украинаның локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», - дейді Жақсылықов.

Авторы: Аягөз Құрмаш