Конгода содырлар шіркеуге келген 14 адамды атып тастады

Автор: Мира Байбек

Бандиттік топ жексенбілік қызмет кезінде шабуыл жасаған

Конго Демократиялық Республикасында шіркеуде кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, содырлар жексенбілік қызмет кезінде адамдарға шабуыл жасаған.

Өз кезегінде конголық Okapi радиостанциясы шабуыл жасағандар Итури провинциясында жұмыс істейтін «Конгоны дамыту кооперативінің» (CODECO) мүшелері болғанын хабарлады.

CODECO жиырма жылдан астам уақыт бұрын Конгоның шығыс аймақтарында тұратын ленду халқының қарулы жасақтарынан құралған. Уақыт өте келе ол бандиттік құрылымға айналған.