«Бұл сот арқылы талап ету емес»: СІМ МАГАТЭ-ні сотқа беру жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстан Венадағы конференцияда ұсыныс айтпақ

Сыртқы істер министрлігігің ресми өкілі Айбек Смадияров МАГАТЭ ұйымына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Bloombergnews агенттігінің мақаласына келетін болсақ, бұл көптен бері шешілмеген мәселе. Яғни, МАГАТЭ-ге мүшелікке келген елдердің агенттіктің басқару органдарында өкілдік етуіне қатысты екенін хабарлаймыз. Қазақстан агенттік тарихында алғаш рет МАГАТЭ-нің өңірлік топтарына кірмейтін және іс жүзінде ұйымның басқарушы органдарында сайлану құқығынан айырылған 17 елдің тізімін кодификациялауға қол жеткізді», - деді ол.

Смадияров атағандай, ол тізімге Орталық Азияның барлық елі мен Непал, Израиль, Бахрейн, Камбожда және басқа да елдері кіреді.

«Осыған орай Қазақстан бұл мәселені шешу жөніндегі қарар жобасын МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясына енгізуді жоспарлап отыр. Ағылшын тіліндегі Bloomberg мақаласындағы түпнұсқасында орыс тіліне аударылған кезде бұрмаланған дәл осындай хабарлама айтылған. Бұл сот арқылы талап ету емес. Бұл консенсустық қарарды енгізу жайлы. Қазақстан мүдделі елдер мен МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп, осы мәселені реттеу және ұйымға қатысушылардың консуенсусына негізделген құқықтық тетік табу бойынша белсенді жұмыс жүргізуі керек. Біз ядролық бестік тарапынан үькен қолдауға ие болдық»,- деді ол.

Осыған дейін Қазақстан МАГАТЭ-ні сотқа бермек деген ақпарат тараған еді.

Авторы: Аягөз Құрмаш