Қазақстан БРИКС-ті көлік дәліздеріне қатысты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев өзара ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына септігін тигізетінін айтты

Фото: intosairussia.org

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС Плюс» диалогы отырысында серіктес елдерді бірқатар жобаны бірлесе жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан барша серіктестерді «Солтүстік-Шығыс» пен «Шығыс-Батыс» көлік дәліздеріне қатысты экономикалық, сауда, көлік және инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырады.

Аса маңызды «Бір белдеу – бір жол» бастамасын толықтыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі сауда саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік ашады.

Мұндай ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына және біздің аймақтардың көлік-транзит әлеуетін толық танытуға септігін тигізеді», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.