Ақтауда резиденция орналасқан жер телімі мемлекетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жер бұған дейін заңсыз сатылып кеткен

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда резиденция орналасқан жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уәкілетті орган мәліметінше, «Самал-2» шағын ауданындағы жердің аумағы 225 гектардан асады. Учаскенің нысаналы мақсаты – демалыс ғимараттарын салу деп көрсетілген. Бастапқыда мұнай компаниясына беріліп, кейін жеке компанияға сатылады. Осы кезде Ақтау қаласы әкімдігінің заңбұзушылыққа жол бергені анықталып отыр.

Нақты айтсақ, жер орны комиссия қорытындысынсыз және жобасы жасақталмаған күйде серіктестікке өткен.