Қор биржасында доллар бағамы күрт құлдырады

Автор: Мира Байбек

КASE айырбастау пункттеріндегі шетел валютасының бағамын жариялады

Фото m24.ru

Қазақстан қор биржасының дерегінше, 21 тамыз, яғни дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы бірден 7,27 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

КASE Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі доллардың, сондай-ақ еуро мен рубльдің бағамы күрт арзандағанын мәлімдеді.

Атап айтқанда:

  • Доллар бағамы – 452,34 теңге;
  • Еуро бағамы – 493,05 теңге;
  • Рубль бағамы – 4,8 теңге;
  • Юань бағамы 62 теңге болды.

Айта кетсек, доллар мен еуро бағамы 2022 жылдың 1 шілдесінен бері алғаш рет күрт құлдырап отыр.