Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде қалыпты ауа температурасы сақталады

© Photo : Рixabay

Синоптиктер 22-24 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылынған және тұрақсыз ауа массалары сақталып, жаңбыр жаууына себеп болмақ.

«Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18...24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.