21.08.2023, 15:41
Жаңалықтар
Түркияда автобус аударылып, 12 адам қаза тапты
Тағы 19 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: NTV
Түркияның Йозгат провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 12 адам қаза тапты, сондай-ақ 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
NTV арнасының хабарлауынша, Сивас – Ыстамбұл бағыты бойынша жүріп келе жатқан автобус жүргізуші Мюкремин қиылысына жақын жерде рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус қарсы жолақты кесіп өтіп, 30 метрлік дуалға соғылып, артынша аударылып кеткен.
«11 адам оқиға орнында көз жұмған, ауруханаға жеткізілген тағы бір адамды құтқару мүмкін болмады. Йозгат пен Соргун облыстарындағы ауруханаларға жеткізілген 19 адамның бірінің жағдайы да ауыр екені белгілі болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды