Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр

Автор: Аманалина Тоғжан

«Омикронның» бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, сәуірде ковидке шалдыққандар арасында, оны жұқтырғандар 0,6 пайыз ғана болған. Ал тамызда мұндай науқастардың қатары 71 пайыздан асқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Омикронның» бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, ол басқа нұсқаларға қарағанда қоғамдық денсаулыққа көбірек қауіп төндірмейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі уақытта «Эрис» әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр. Ал АҚШ-та коронавирус диагнозы қойылғандардың 17%-нан осы штамм расталған.