Осы күнге дейін кеңестерге 10 өңір қатысты
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымеен «AMANAT» партиясы жанындағы экономика кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шілде айынан бастап «AMANAT» партиясы өңірлердегі кеңестердің кеңейтілген форматтағы жұмыстарын бастады. Олай дейтін себебіміз, өңірлік кеңестердің мүшелерінен басқа «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелері де қатысып отыр. Одан басқа, фракцияның өңірдегі депутаттары қатысып жатыр. Өңірлердегі мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беру үшін Астанадағы салалық министрліктердің өкілдерін шақырып жатырмыз. Аймақтағы мәселелерді тез арада шешуге ықпал етіп жатырмыз», - деді Жұмағазиев.
Оның айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер проблемалары тікелей министрлік өкілдеріне айтып, шешім жатыр.
«Сондай-ақ «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. Осы күнге дейін 10 өңірді тыңдадық. Бүгін оның қатары 13-ке жетеді. Өңірлік кәсіпкерлер тікелей министрлік өкілдеріне проблемаларын айтып жатыр. Алайда бірден шешілмейтін мәселе де аз емес. Күзде партияның басшысына ұсыныс береміз. Ол кеңеске Партия төрағасы мен министрлер қатысады. Осындай кеңестерде шешілмеген мәселелерді сол кеңесте қайта көтереміз», - деді Жұмағазиев.
Қарағанды, Ұлытау, Алматы және Павлодар облыстарының депутаттары мен кәсіпкерлері министрлік өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.
Қарағанды облысының мәслихат депутаты пестицидтерге бөлінетін субсидияның көлемі 2 млрд теңгеден асатынын айтты. Ол бұл салаға 1,5 млрд теңге қаржы жетіспейтінін көтерді.
«Бұл мәселе жүйелілікті қажет етеді. Субсидияға қатысты жетіспеушіліктер әртүрлі болады. Келесі жылға таман оның көп үлесін жабу жоспарланып отыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Сондай-ақ өңірлердегі кәсіпкерлер сатып алу, субсидия, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Авторы: Аягөз Құрмаш