Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда бола ма

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол аукционға байланысты болады

Фото ашық дереккөзден

ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа ұялы оператор жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Басты мақсатымыз – бәселестікті орнатып, дамыту әрі реттегіштің де қызметін атқарамыз. Мұнда 2 мәселе бар. Біріншіден, Үкімет тапсырма берді, яғни «Қазақтелеком» АҚ-ның ішіндегі 2 мобильді оператордың біреуінен шығару. Қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Екіншіден, осы жылдың аяғына дейін тағы 5G желісін сату үшін аукцион ұйымдастырылады. Егер оны тағы бір инвестор жеңіп алса, онда жаңа мобильді оператор пайда болатын шығар», - деді Мейірманов.