Соңғы 5 жылда интернетті пайдалану 4 есе өскен
Операторлардың шығындары да әртүрлі
Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин елімізде не себепті ұялы байланыс қызметі қымбаттап жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол атағандай, кейінгі 5 жылда елімізде әр абонент интернетті 4 есе көбірек пайдалана бастады.
«Әр операторда түрлі шығындар бар. Әрине, электр энергиясының тарифі өзгерсе, бұл да өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Сонымен қатар, қызмет ауқымы айтарлықтай өсті. 2018 жылы Beeline байланысын пайдаланғандардың әрқайсысы небәрі 4 ГБ жұмсап келді. Ал қазір бұл көрсеткіш 17 ГБ-қа жетті. Бұл тұрғыда 4 ГБ-мен 17 ГБ-ға жұмсалатын тариф бірдей болмайтыны түсінікті, яғни осы бағытта шығындар да артып отыр», - деді Евгений Настрадин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Настрадин атағандай, байланыс операторлары осы себепті тарифтердің түрлі нұсқасын ұсынып отыр