08.08.2023, 23:31
Жаңалықтар
Елімізде кеңсе тауарларының бағасы бір жылда 64,4 пайызға қымбаттаған
Оқу құралдарының құны тамыз айында тағы қымбаттауы мүмкін
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарларының бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.
«Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады», – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.
Тамыз айының дерегі әлі жарияланбағанымен, оқу құралдары бағасының қыркүйек айына жақындаған кезде тағы қымбаттайтыны анық.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді