Бурабайда қонақ үйден өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды – ТЖМ

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Фото ашық дереккөзден

Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды. 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп, 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды. Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 12:35-те оқшауланды.