БҚО-да киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

БҚО-да киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

29 шілдеде БҚО ПД «CyberPol» қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тегтер: