Нұр-Сұлтанда 31 адам ауырып жатыр
Елімізде COVID-19 жаңа вирусын жұқтырғандар саны 58 адамға жетті. Соңғы жағдай Ақтөбе облысында тіркелді деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 58 науқас тіркелді», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.