Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды
Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шенеунік 2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен ұсталған.
«Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.