Теракт салдарынан сондай-ақ 46 адам жараланды
Дамаскінің оңтүстігінде мешіт аумағында бомба орнатылған көлік жарылып, кем дегенде 5 адам қаза тапты, 46 адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Al Ikhbaria телеарнасына Сирия денсаулық сақтау министрі Хасан әл-Габбаш хабарлады. Ол қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар да бар екенін жеткізді.
Лаңкестік әрекет Сейида-Зейнаб мешітінің аумағында жасалған, жарылғыш зат таксиде болған.
Медициналық ақпарат көздерінің айтуынша, бірнеше зардап шегушінің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін ескерсек, зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.