Ақтауда бір шағын ауданды су басты

Автор: Azattyq Rýhy

Түссіз, иіссіз су шағын ауданның жолдары мен аулаларына жайылған

Фото ашық дереккөзден

Ақтаудың 26-шағын ауданындағы жолдар мен аулаларды су басты. Өрт кранынан техникалық су шығарылып жатқанда өшіру клапаны зақымданған. Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түссіз, иіссіз су шағын ауданның жолдары мен аулаларына жайылған.

«Өрт сөндіру автокөлігі өрт кранынан техникалық суды шығарып жатқанда өшіру клапаны зақымданған. Қазір біздің жұмысшылар гидрантты өшірді», - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК мамандары.

Тегтер: