Бұған дейін мекемелердің иелеріне сән салондарын жабуға бір ай мерзім берілген болатын
Ауғанстанды билеуші «Талибан» қозғалысы елдегі барлық сұлулық салондарының жабылатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл мекеме иелеріне бір ай бұрын ескерту берілді.
Сұлулық салондардың жабылуын Талибан (Қазақстанда тыйым салынған) олардың қызметтерінің бағасының қымбаттылығымен, сондай-ақ кейбіреулері шариғат заңдарына қайшы келетіндігімен түсіндірді.
Батыстағы БАҚ-тың пікірінше, салондардың жабылуы 60 мың жұмыс орнының қысқартылуына және Ауғанстанның әлсіз экономикасына қатты әсер етеді.