Эквадор түрмесіндегі қақтығыста 31 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Бас прокуратура терроризм фактісі бойынша іс қозғады

Эквадордың Гуаякил қаласындағы түрмеде болған қақтығыс кезінде 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, қаза тапқандар саны 31-ге, жараланғандар саны 14-ке дейін өскен. Бұған дейін 18 құрбан болғаны хабарланған болатын.

Бас прокуратура аталған дерек бойынша екі іс қозғады. Оның бірі терроризм фактісі бойынша қозғалған. Билік мәліметінше, түрмені бақылау жүйесі қалпына келтірілді.

Айта кетсек, 23 шілдеде Эквадордағы бірнеше түрмеде тәртіпсіздіктер болып, 5 түзеу мекемесіндегі тұтқындар 90-ға жуық күзетшіні кепілге алған.

25 шілдеде Эквадор президенті Гильермо Лассо елдегі барлық түрмеде 60 күндік мерзімге төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.