Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Медициналық қорғаныс құралдары елордада «СК-Фармация» өкілдеріне берілді

Фото: twitter.com/ChinaEmbKazakh

Қытай Қазақстанға әлеуметтік көмек жіберді. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«20 наурыз күні Қытайдың құрылыс банкінің астаналық филиалында COVID-19-бен күрес бойынша екіжақты серіктестік аясында Қытайдың гуманитарлық көмегі (маска, көзілдірік, қолғаптар) «СК-Фармация» ЖШС өкілдеріне табысталды. Бекем болыңыздар, қазақстандықтар!», - жеп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 52 адамға жетті.