$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 22:42
Жаңалықтар

Демалыс күндері 25 градусқа дейін аяз болады – Қазгидромет

Синоптиктер 21-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Демалыс күндері 25 градусқа дейін аяз болады – Қазгидромет
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 21-26 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарына Ираннан жылы циклон өз әсерін тигізуде, осы циклонмен байланысты жаңбыр күтіледі. Алайда, республиканың батыс бөлігіне Исландиядан суық антициклон әсер етеді, бұл антициклон шығысқа жылжып, жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», - деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 5 градус аяз-3 градус жылыдан 12-25 градус аязға дейін, оңтүстік бөлігінде – 2-12 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, кей жерлерде 6-11 градус аязға дейін төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары